Wd97NuhWUMdXqaaabMQNvNiprcpeUYYt1fRJdeGR
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Нұрсұлтан Назарбаев Қанат Исламды марапаттады

Нұрсұлтан Назарбаев Қанат Исламды марапаттады
© roundbyroundboxing.com
Нұрсұлтан Назарбаев Қанат Исламды марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан.

Қазақстан Президенті резиденциясында мемлекеттік жүлделер мен сыйақыларды табыстау рәсімі өтіп жатыр.

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Исламға (25-0, 20 КО) "Құрмет" ордені берілді.

Қанат Исламның айтуынша, ол мұндай үлкен марапатты тұңғыш рет алып отыр. "Осындай үлкен марапатты тұңғыш рет алып отырмын. Өте қуаныштымын, осындай елім дейтін, жерім дейтін, ерінбейтін елбасымыздың қолынан марапат алу мен үшін үлкен мәртебе. Елбасы болашағымнан үлкен үміттер күтеміз деп айтып отыр. Алға қойған мақсатыма жетуге үлкен бір сенім деп ойлаймын. Сол үшін елдің сенімін, елбасының сенімін ақтау, көк туды шығарып, әнұран орындату әрбір спортшының арманы болуы керек деп ойлаймын. Алдағы жоспарлар өте көп. Қаншама қазақтың қаракөз іні-қарындастарымыз бізге қарап өсіп жатыр, соларға дұрыс жол көрсету, дұрыс азамат болып жүру үлкен міндет деп ойлаймын. Сол үшін алдағы жекпе-жектерде болсын, басқа шараларда болсын осының барлығын абыроймен атқару міндетім деп ойлаймын", - деді ол.

Сондай-ақ, боксшы алдағы жоспарлары жайлы айта кетті. "Қазір біз жекпе-жек жоспарлап отырмыз. Жақын күндері Америкаға кетемін. Сол жақта бір жекпе-жек өткізіп, келе жылы Астанамыздың 20 жылдығы, сол үшін елордада тағы бір жекпе-жек өткіземіз, соған дайындалып жатырмыз", - деді Қанат Ислам.



Айта кетейік, "Құрмет" ордені 1993 жылы бекітілген болатын. "Құрмет" ордені экономика, әлеуметтік салаларда, ғылым мен мәдениет, білім беру, мемлекетітк органдардағы үлгілі қызметі мен қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқан азаматтарға беріледі. Орденнің дәрежелері жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар