Бокс
7 тамыз 18:11

Нұрсұлтан Қыстаубай АЧ-де қырғызстан боксшысын жеңді

©Видеодан кадр

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Қыстаубай Таиланд астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

85 келіге дейінгі салмақта (19 жасқа дейінгі спортшылар арасында) өткен ширек финалдық жекпе-жекте Қыстаубай Қырғызстан өкілі Азирет Автандиловты айқын басымдықпен жеңді - төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді (5:0).

Осылайша, Нұрсұлтан Қыстаубай жартылай финалға өтіп, кемі қола жүлдеге ілігіп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport