Бокс
26 мамыр 2025 09:35

Нұрсұлтан Алтынбек Тайландтағы турнирде қарсыласын қиындықсыз жеңді

©Спорт Шредингера

55 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Қазақстан құрамасының өкілі Нұрсұлтан Алтынбек Тайландтағы халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ боксшы жарысты жеңіспен бастады

Жарыстың екінші күнінде ол Индонезиялық Йошуа Холи Масинорды еш қиындықсыз жеңді.

Бұл жарысқа Қытай, Жапония, Өзбекстан, Тайланд, Қазақстан және басқа да елдерден келген мықты боксшылар қатысып жатыр.

Бұған дейін Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында (Коломбо, Шри-Ланка) жақсы нәтиже көрсеткен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport