Бокс
28 мамыр 2025 09:00

Нұрсұлтан Алтынбек Таиландтағы жарыстың жүлдесіне ілінді

©ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Алтынбек Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық Thailand Open турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Үш раундтағы таза жеңіс

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/4 финалда ол жапониялық Сейджуро Мидзогутимен жұдырықтасып, оны төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Осылайша, Алтынбек жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола жүлдеге жетіп отырі.

Сондай-ақ рингке 48 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық Гүлназ Бурибаева да шықты, бірақ ол украиналық Ольга Шалимовадан төрешілердің бөлек шешімімен жеңіліп, жартылай финалға өте алмады.

Thailand Open турнирі 1 маусымда аяқталады.

Нұрсұлтан Алтынбек – жастар арасындағы екі дүркін Азия чемпионы және Бразилияда өткен World Boxing аясында алғаш өткізілген Әлем кубогінің жеңімпазы.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport