Нурмагомедовтің Қазақстан туралы айтқанын Головкин қағыс қалдырмады

5 қыркүйек 2022 09:11
©Коллаж Sportbox

Бокстан орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин аралас жекпе-жектен UFC ұйымының чемпионы болған Хабиб Нурмагомедовтің Қазақстан туралы айтқанына реакция білдірді, деп хабарлайды Tofight.ru.

Жуырда ғана Нурмагомедовке тиесілі Eagle FC лигасы 50-турнирін Нұр-Сұлтан қаласында өткізген еді. 

"Кейінгі 5-6 жылда Нұр-Сұлтан қатты өзгеріпті. Бірінші рет келіп отырған жоқпын және әр келген сайын өзгеріс байқалады. Қазақстанның барлық тұрғынына сәттілік пен денсаулық", - деп жазыпты Хабиб әлеуметтік желіде. 

Головкин бұл жазбаға реакция білдіріп, Нурмагомедовтің постына лайк басқан екен. 

Айта кетейік, Нурмагомедов бокста әрдайым Головкинге жанкүйер екенін айтқан болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар