Нұрлан Сапарбай қарсыласын нокдаунға түсіріп ӘЧ-де кеткен есесін қайтарды

©kfb

Нұрлан Сапрбай Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан бокстан кіші әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

92 келіде сынға түсіп жатқан жерлесіміз ширек финалда испаниялық Аюб Гадфа Дриссимен жұдырықтасты. Бұл айқастың уақытынан бұрын аяқталғанын айта кеткен жөн. Себебі екінші раундта Сапарбай қарсыласын нокдаунға түсірді. Осылайша, Нұрлан Сапарбай 2021 жылы өткен әлем чемпионатында кеткен есесін (4:0) қайтарды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар