Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Нұрлан Сапарбай Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатындағы бірінші кездесуінде жеңілді, деп жазады Vesti.kz порталы.
1/16 финалда отандасымыз испаниялық Аюб Гадфа Дриссимен жұдырықтасқан еді.
Айта кетейік, бұл әлем чемпионатында Сапарбай Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың орнына барды. Ал Қамшыбек қазіргі уақытта Мәскеу қаласында кәсіпқой бокстағы келесі кездесуіне дайындалуда.
Еске салайық, кеше әлем чемпионатынан Бек Нұрмағанбет те шығып қалған еді. Осылайша, Белградтағы біріншілігін 11 боксшымыз жалғастырады.