Бокс
10 қыркүйек 20:20
 
Нұрек Оралбайдың өзбек боксшымен айқасы сенсациямен бітті

  Пікірлер

blog.share

Нұрек Оралбайдың өзбек боксшымен айқасы сенсациямен бітті ©Kazakhstan Boxing Federation

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында өзбекстандық Жавохир Умматалиевпен жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті. Бірінші раунд 5:0 есебімен Умматалиевтің пайдасына аяқталды. Екінші раундта Оралбай ұпай айырмасын қысқартып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, жекпе-жектің тағдыры шешуші үшінші раундта анықталды. Бұл раундта өзбекстандық боксшы төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) басым түсіп, жартылай финалға өтті және кемі қола жүлдеге жетіп отыр. 

Нұрбек Оралбай былтырғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионы екенін айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!