Нұрдәулетов қарсыласын есеңгіретті. Қазақстан боксшылары халықаралық турнирдің жартылай финалында

Сурет: ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасының көшбасшылары Испаниядағы Boxam халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты,- деп хабарлайды Vesti.kz. Тек Закир Сафиуллин 1/4 айналымынан өте алмады. 

52 келіде салмақта Махмуд Сабырхан жергілікті Мартин Молинуды жеңді. 

57 келіде Серік Теміржанов америкалық Шон Каррингтоннан мықтырақ болды.  

69 келіде Абылайхан Жүсіпов испаниялық Серхио Мартинезден басым болды.  

81 келіде өнер көрсететін Бекзат Нұрдәулетов мароккандық боксшы Мохаммед Асагир екі рет нокдаунға түсіріп, анық жеңіске жетті. 

91 келіде Василий Левит те жарысты жалғастырады, ол франциялық Сейди Купеден басым түсті. 

Суперауыр салмақтағы Нұрлан Сапарбай да қарсыласын нокдаунға түсіріп, анық басымдығын байқатты, ол литвалық Алгирдас Баниулисті жеңді. 

Жаңалықтар