Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Ұлан-Батырда өткен бокстан Азия чемпионатында алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда оның қарсыласы Өзбекстан боксшысы Жасурбек Юлдошев болды.
Жекпе-жектің барлық үш раунды қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды – 5:0, 5:0, 3:2.
Қорытындысында Нұрбек Оралбай төрешілердің бірауыздан шешімімен таза жеңіске жетті.