Бокс
1 шілде 17:13
 

Нұрбек Оралбайдың жекпе-жегі төрешілер шешімімен аяқталды

  Пікірлер

blog.share

Нұрбек Оралбайдың жекпе-жегі төрешілер шешімімен аяқталды ©ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Нурбек Оралбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Нурбек Оралбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

80 келіге дейінгі салмақта өткен айқаста Нұрбек Оралбай әзірбайжандық Мурад Аллахвердиевпен кездесті.
Жекпе-жек қазақстандық боксшының айқын басымдығымен аяқталды.

Еске салсақ, Нурбек - 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Қазақстанның бүгінгі нәтижелері

1 шілдедегі жарыс күні Қазақстан екінші жеңіліске де ұшырады - әйелдер құрамасынан 54 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Әнел Сақыш өзбекстандық Азия чемпионы Феруза Казаковаға жол берді.

Ал 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Махмуд Сабырхан оңтүстік кореялық Шин Чжэёнді сенімді түрде жеңіп, қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсірген болатын.

Бүгін кешкі сессияда шаршы алаңға шығатын қазақстандықтар (басталуы – 19:00):

60 кг: Серік Теміржанов – Джейкоб Кассар (Аустралия)
75 кг: Надежда Рябец – Дос Сантос Перейра Вивиане (Бразилия)
+90 кг: Айбек Оралбай – Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы)

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!