Бокс
8 ақпан 11:08

Нұрбек Оралбайдың финалдағы айқасы 5:0 есебімен бітті

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite халықаралық турнирінде алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның қарсыласы бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ирандық боксшы Ариан Саид Панах болды.

Жекпе-жектің бірінші және екінші раундтары қазақстандық спортшының айқын басымдығымен өтіп, 5:0 есебімен аяқталды. Ал шешуші үш минуттық раундта тартыс күшейіп, 3:2 есебімен Оралбайдың пайдасына шешілді.

Нәтижесінде кездесу төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) Нұрбек Оралбайдың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Оралбай Қазақстан құрамасының қоржынына аталған жарыстағы бесінші алтынды салды. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Умида Садыкова (+80 келі), сондай-ақ, Махмұт Сабырхан (55 келіге дейін) мен Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алтын жүлдеге қол жеткізген еді. Айта кетейік, Садыкова финалда отандасы Панар Сейтханқызын бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының еншісінде үш күміс бар. Бұған дейін финалдық кездесулерде Назерке Серік (65 келіге дейін), Панар Сейтханқызы және Аман Қонысбеков (75 келіге дейін) қарсыластарынан жеңілген еді.

Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі 8 ақпанда аяқталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport