Жарнама

Бокс
Бүгін 10:59
 

Нұрбек Оралбайдың АЧ финалы үшін айқасы нокдаун және ескертумен бітті

  Пікірлер

blog.share

Нұрбек Оралбайдың АЧ финалы үшін айқасы нокдаун және ескертумен бітті ©

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/2 финал кезеңінде оның қарсыласы ринг қожайыны - моңғолиялық Бариаахан Дорж болды.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте Нұрбек төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті. Айта кетейік, алғашқы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірсе, үшінші раундта төреші Дорждан бір ұпай шегерді.

Осылайша, Нұрбек Оралбай финалға жолдама алып, кем дегенде күміс жүлдені қамтамасыз етті.

Еске салайық, 2024 жылдың жазында Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасында Қазақстан ерлер құрамасы сапынан жүлде алған жалғыз боксшы атанған. Сонымен қатар, оның еншісінде 2022 жылғы Азия чемпионатының қоласы және 2023 жылғы әлем чемпионатының алтыны бар.

Бұған дейін, бүгін әйелдер құрамасының өкілі Әйгерім Сәттібаева жартылай финалда моңғолиялық Энх-Амгалан Номундариге есе жіберсе, ал Сабыржан Аққалықов дәл осы кезеңде Далай Ганзоригті техникалық нокаутпен жеңіп, финалға өткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!