Франциялық боксшы Йожерлен Сезар Астанада өткен Әлем кубогінің финалында қазақстандық Нұрбек Оралбайдан басым түсіп, сенсациялық жеңіске жеткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, үш раундтың қорытындысы бойынша, қазылар шешімімен қазақстандық боксшы финалда қарсыласына есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.
"Бұл менің Қазақстанға алғаш келуім және турнир маған өте ұнады. Финалдық жекпе-жек тамаша өтті, Нұрбек Оралбайға алғысымды білдіргім келеді әрі оған үлкен құрметпен қараймын. Ол - әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Біздің жекпе-жек маған үлкен әсер қалдырды, өз жетістігіме қуаныштымын", – деді Сезар Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне.
Айта кетейік, сайыс қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті және жалпы 16 медаль иеленді: сегіз алтын, төрт күміс, төрт қола.
Жарнама