Нұрбек Оралбай Тайландтағы турнирдің финалына шықты

©Olympic.kz

81 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Thailand Open турнирінің финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Жартылай финалда Оралбай Тайланд елінің өкілі Анават Тогкатоктан айласын асырды. Кездесу барсында отандасымыздың қарсыласы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Оралбай аталған турнирде финалға шыққан Қазақстан құрамасының бірінші боксшысы болды. 

Еске салайық, бүгін, 6 сәуір күні тағы екі боксшы өнер көрсетті. Серік Теміржанов (57 келі) қарсыласы сенімді жеңіп жартылай финалға шықса, 2021 жылғы әлем чемпионы Сәкен Бибосынов (52 келі) күтпеген жерден жеңіліп қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport