Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов ұлттық құрамадағы салмақ дәрежелеріндегі өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ауыр салмақтағы өзгеріс
"Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай 85 келіге ауысқалы жатыр. 90 келіде Сағындық Тоғамбай көшбасшы болып қала береді. Дәулет Төлемісов те 90 келіге көтеріліп қалуы ықтимал. +90 келіде жас боксшымыз Аслан Елдібайұлынан зор үміт күтеміз", - деп келтіреді Сәтжановтың сөзін "Спорт министрі".
Құрама көшбасшысының жетістіктері
World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында (қыркүйек, Ливерпуль) Нұрбек Оралбай ширек финалға дейін жетіп, бұл кезеңде өзбекстандық Жавохир Умматалиевтен жеңілді.
2024 жылдың жазында ол Парижде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстанның ерлер құрамасы сапынан жүлде жеңіп алған жалғыз боксшы атанды.
Сондай-ақ, Нұрбек Оралбайдың еншісінде Азия чемпионаты-2022 қола жүлдесі мен 2023 жылғы әлем чемпионатының алтыны бар. Бұл жетістіктер оны Қазақстан құрамасының қазіргі буындағы негізгі көшбасшының бірі етіп отыр.
Жарнама