Нұрбек Оралбай АЧ жартылай финалында шаршы алаң қожайынынан жеңілді

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Азия чемпионатының финалына жетпеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Амман (Иордания) қаласында өтіп жатқан Азия біріншілігінің жартылай финалында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жергілікті боксшы Хуссейн Эйшаиш Иашайшпен кездесті. Бұл кездесуде 3;2 есебімен шаршы алаңның иесі жеңіске жетті. 

Осылайша, Нұрбек Оралбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 

Еске салайық, сары құрлықтың ақтық сынына Махмұт Сабырхан (54 келі), Санжар Тәшкенбай (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асыланбек Шымбергенов (71 келі) Қамшыбек Қоңқабаев (+91) Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Гүлсая Ержан (81 келі) жолдама алды.

Қола жүлдегер атанған Саматәлі Төлтаев (60 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі) Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мадина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81) жарысты аяқтады.

Ал Алуа Балқыбекова Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар