Қазақстан құрамасының боксшысы Нұрбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келі салмақта өнер көрсететін Нұрбек бірінші айқкасында украиналық Матвей Ражбамен жұдырықтасты.
Бірінші үш минуттықтың қорытындысы бойынша барлық төреші жеңісті Оралбайға берді – 5:0. Екінші раунд та дәл осындай есеппен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді. Осылайша, Ражба үшін тек нокаут қана жеңіс әкелуі мүмкін еді, бірақ, ондайға жол бермеген Нұрбек 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кету керек, бұл украиналық боксшының әлем біріншілігіндегі екінші жекпе-жегі болды. Бірінші кездесуде ол кездесуде Германия боксшысы Бен Эгисті екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.