Нұр-Сұлтандағы бокс кешіндегі жекпе-жек сенсациямен аяқталды

18 желтоқсан 2021 20:38
©instagram.com/askat_jantursynov

Қазақстандық былғары қолғап шебері Асхат Жантұрсынов (5-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы алтыншы кездесуін өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Jekpe-jek сарайында өтіп жатқан айқаста жерлесіміз әзірбайжандық Сурат Гараевпен жұдырықтасты. Айқас толыққанды алты раундқа жалғасты.

Нәтижесінде кәсіпқойдағы дебютті кездесуін өткізген Гараев ұпай санымен жеңіске жетті. Осылайша, Жантұрсынов алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татып отыр.

Еске салайық, кештің басты айқасы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао (15-1, 4 КО) арасында өтеді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар