Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде шығатын отандық былғары қолғап шеберлері пікір білдірді
Былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов кезекті жекпе-жегінің алдында баспасөз мәслихатына қатысты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов кезекті жекпе-жегінің алдында баспасөз мәслихатына қатысты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Елордада өткен салтанатты іс-шарада промоутер Зия Алиев ең алдымен қазақстандықтарды ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Артынша кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасын өткізгелі жатқан Ангелина Лукасқа гүл шоғын сыйлады. Лукас өз сөзінде бокс кешінде жақын туыстары қолдау көрсететіндігін тілге тиек етті.
Жалпы 18 желтоқсанда болатын бокс шоуында 13 жұп жұдырықтасады. Олардың арасында 55,3 келі салмақта Ержан Залилов пен Ескендір Харсан Қазақстан чемпионы белбеуін сарапқа салады.
Сонымен қатар, Жанқош Тұраров пен Иван Дычколар да алдағы кездесулері жайлы пікірлерін білдірді. Кештің басты айқасына шығатын Данияр Елеусінов жанкүйерлерден қолдау күтетіндігін айтты.
"Бұл мен үшін маңызды жекпе-жек. Себебі өз жерімде титулға таласамын. Бокс кешіне келіп маған қолдау білдіріңіздер", - дейді Елеусінов.
Еске салайық, астанадағы Jekpe-Jek сарайында Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао жартылай орта салмақта IBO белбеуі үшін жұдырықтасады.
Жарнама