Бокс
9 қараша 2021 18:17
 

Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде жұдырықтасатын Дәурен Елеусіновтің қарсыласы анықталды

  Пікірлер

blog.share

Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде жұдырықтасатын Дәурен Елеусіновтің қарсыласы анықталды ©

18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасатын Дәурен Елеусіновтің қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасатын Дәурен Елеусіновтің қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Дәуреннің алдағы айқастағы қарсыласы 33 жастағы әзірбайжандық Али Мамедов болады. Ол кәсіпқой бокста 13 кездесуде жеңіске жетсе, 4 мәрте жеңіліс тапқан. Мамедов 2016 жылы екінші бір қазақстандық боксшы Али Ахмедовпен жолығып, жеңіліп қалған. 

Әзірбайжандық боксшы соңғы кездесуін 2017 жылдың тамызында өткізген. Бір айта кетерлігі, Елеусіновпен кездесер алдында Мамедов тағы бір айқас өткізеді. Тарқатып айтсақ, ол ертең, 10 қараша күні Ресейдің Тамбов қаласында Рохман Ахмедовпен (2-0, 2KO) жолығады. 

Дәурен Елеуінов (9-1-1, 8КО) соңғы кездесуін 10 шілде күні өткізіп, Арман Рысбекті (7-2, 6КО) жеңді. 

Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы жекпе-жек кешінің басты айқасында Дәуреннің інісі Данияр Елеусінов өнер көрсетеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!