Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекке шыққысы келеді. Бұл ақпаратты мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо растады.
"Головкинмен үшінші рет кездесу өткізгіміз келеді, нүкте қойып, осы тарауды аяқтау үшін. Мұны істей аламыз деп ойлаймын. Жекпе-жек Мексикада өткенін қалаймын. Бұл айқасты Гвадалахара немесе Мехикода өткізе аламыз. Головкин "Канелоны" туралы айтпады, ал желтоқсанда ол Муратамен жұдырықтасады. Не болатынын көрейік, содан кейін "Канело" - Головкин жекпе-жегін ұйымдастырамыз", - деп береді бапкердің сөзін vRINGe.com.