"Канелоның" командасына жақын мәлімет көздерінің ақпаратынша, мамырда мексикалық бірінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) жекпе-жек өткізбек. Жеңіске жеткен жағдайда Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) арадағы трилогияны Мексиканың тәуелсіздік күніне ұйымдастырады. Алайда "Канело" әзірге боксшылардың ешқайсысымен ресми келісім жасаған жоқ.
Головкин де Альвареспен мамырда жұдырықтаса алмайтынын біледі, сондықтан қыркүйекке дейін аралық жекпе-жекке шығады. Демек қазақстандық боксшы IBF титулын міндетті қорғауын өткізеді.