Нүкте қойылады. "Канелоның" бапкері Головкинмен жекпе-жек туралы мәлімдеді

30 желтоқсан 2021 09:38
©USA Today

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші рет жекпе-жек өткізгісі келеді. Бұл туралы Boxingscene.com порталына мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" - Головкин жекпе-жегінің уақыты хабарланды

"Чемпион ретінде біз ең мықтылармен айқасуға тырысуымыз керек. Белбеуі бар боксшылармен, жанкүйерлер күтетін жекпе-жектер. Біз Джермалл Чарло (WBC чемпионы) және Головкинмен жұдырықтасқымыз келеді," - дейді маман Альварестің орта салмақта шыққысы келетін қарсыластарын атап.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport