Нокдауннан тұрып. Қазақстан құрамасы қажет қылмаған әлем чемпионы финалға өтті

©Olympic.uz

Бокстан Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Руслан Абдуллаев өз еліндегі чемпионаттың финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz

63,5 келіде өнер көрсететін Руслан Өзбекстан біріншілігінің 1/2 финалында Адхам Мухиддиновпен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша Абдуллаев төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Боксшылар бір-бір реттен нокдаунға болғанын айта кетейік - Мухиддинов екінші раундта, ал Абдуллаев - үшіншісінде. 

Абдуллаев Ташкентте өткен 2023 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. Сонымен бірге, ол 2022 жылы Амманда (Иордания) болған Азия чемпионатында алтын иеленген.

Абдуллаев - екі жыл бұрын Қазақстанға келіп, ұлттық құрама үшін өнер көрсеткісі келген, алайда оны қабылдамады да ол Өзбекстанға қайтты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport