Қазақстандық боксшы Абзал Құттыбеков Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Elorda Cup турнирінде алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Құттыбеков төрешілердің шешімімен кубалық қарсыласы Яиниер Аероедан басым түсті. Есеп - 3:2.
86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық екі раунд қорытындысы бойынша көш бастады. Қорытынды раундта нокдаун алып, үшінші раунд кубалықтың есебіне жазылды. Алайда ұпай айырмасымен Құттыбеков жеңіс тұғырына көтерілді.
Қоса кетейік, осыған дейін турнирде Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін), Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін) және Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) жеңіске жетті.