Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақ бокашы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) Америкадағы екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өткен бокс кешінде Батырдың қарсыласы аргентиналық Уго Альберто Ролдан (22-1-1, 7 КО) болды.
Бірінші раундта-ақ Жүкембаев нокдаунға түсті, алайда қайта тұрып жекпе-жекті жалғастырды. 10 раунд толық өткен айқаста қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті- 96-93, 95-94, 97-92.
Бұл кездесуде WBA NABA (Солтүстік Америка чемпионы) титулы сарапқа салынған еді.