Бокс
Кеше 19:20

Нокдаун мен ұшқан капа. Нұрбек Оралбайдың айқасы нокаутпен бітті

©ҚР ҰОК

Париж Олимпиадасының жүлдегері қазақстандық Нұрбек Оралбай Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Странджа кубогінде бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz

86 келі салмақта жұдырықтастатын Нұрбек жарысты 1/8 финалдан бастап, ринг қожайыны Мануэль Жечевпен кездесті. 

Екінші раундта Нұрбек қарсыласын есеңгіретіп жіберді, соққының ауырлығынан Жечевтің капасы ұшып кетті. Осыдан кейін жекпе-жек мүлде тоқтатылып, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport