Қазақстандық боксшы Айым Тәңкібаева Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан 19 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
51 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жекте Тәңкібаева Қытай боксшысы Шу Люге 1:4 есебімен есе жіберді. Екінші раундта қазақстандық нокдаунға түсіп қалды.
Осылайша, Айым құрлықтық турнирдің қола жүлдегері атанды, ал Шу Лю алтын үшін өтетін шешуші кездесуге жолдама алды.