Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Странджа кубогі-2025 турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Болгария астанасы Софяида өтіп жатқан кіші әлем чемпионаты аталып кеткен бул турнирдің жартылай фианлында Төрехан әзірбайжандық Наби Искандаровпен жұдырықтасты.
Екеуі бір-бірін аямадыБірінші раундта төрешілер жеңісті әзірбайжандыққа берді. Алайда екінші раундта қазақ бкосшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, камбэк жасады. Осыдан кейінгі үшінші раунд тіптен тарысты өтті - екі боксшы бір-біріне қарсы тұрып алып соққы алмасумен болды. Екі боксшы бір-бірін аямай ұрғандықтан екеуінің де беті қызарып, ал әзірбайжандықтың көзінің асты сырылып кетті.
Қарсылас төрешілермен келіспедіОсылай өткен үш раунд қорытындысы бйоынша төрешілер бөлек шешіммен жеңісті Төреханға берді - 3:2. Алайда мұндай шешім әзірбайжандық боксшыны таңдандырды, ол тіпті наразы болғандықтан Төреханның қолын алмай қойды.
Дегенмен енді финалға өткен қазақ боксшы турнир алтынына таласуға мүмкіндік алды.