Бүгін, 11 желтоқсанда таиландтың Чиангмай қаласындағы бокстан Азия чемпионатында ерлер арасында финалдық айқастар басталды.
Қазақастан атынан рингке бірінші болып шыққан 48 келдегі Санжар Тәшкенбай өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен Санжар қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. Тіпті үшінші раундта қазақ боксшы нокдаунға түсіп қалды.
Осылай Меликузиев алтын жүлдегер атанды, ал Санжар күміс жүлдеге ие болды.