Бокс
15 қыркүйек 2021 14:25
 
"Нокаутты ешқашан жоспарлай алмайсың". Айдос Ербосынұлы соңғы жеңісі мен "Канеломен" айқас жайлы

  Пікірлер (1)

blog.share

"Нокаутты ешқашан жоспарлай алмайсың". Айдос Ербосынұлы соңғы жеңісі мен "Канеломен" айқас жайлы ©Instagram

Өткен аптада елімізде ең ірі кәсіпқой бокс кештерінің бірі өтті. Елорда төріндегі "Көшпенділер шайқасы 2" турнирінде белгілі қазақстандық былғары қолғап шебері Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен гайаналық Аллен Леннокс (22-1-1, 14 КО) арасындағы тартыста жерлесіміз басым түсті. Кештің басты айқасында Ербосынұлы қарсыласын нокаутқа түсірді. Vesti.kz тілшісі Алматы облысының тумасымен Сауль Альвареспен кездесуі жайлы және алдағы жоспары туралы сұхбаттасты.

blog.share
1

- Айдос, жеңісіңіз құтты болсын! Ең алдымен жекпе-жекке тоқталсаңыз. Аллен Леннокспен өткен айқаста 10-раундта басым түстіңіз. Қарсыласыңыз туралы не айтасыз?

- Қарсыласым өте тәжірибелі спортшы болды. 23 жекпе-жекте 22 жеңіске жеткен. 16 кездесуін нокаутпен ұтқан. Уақышта әлем чемпионы болған. Үш мәрте әлем чемпионы белбеуіне жұдырықтасқан. АҚШ-та тұрады. Сол жақта дайындалады. Америка - кәсіпқой бокстың отаны болғандықтан, қанша дегенімен, ол жақтың былғары қолғап шеберлері мықты келеді. Сонымен қатар, Аллен әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарына кіреді. Сәйкесінше біздің де дайындығымыз соған сай болды.

- Кездесу барысында нокаутпен ұту туралы жоспарыңызда болды ма?

- Нокаутты ешқашан жоспарлай алмайсың. Тіпті 7-8 раундтарда бұл айқастың толыққанды соңына дейін жалғасып, жеңімпаз ұпай санымен анықталады деген ой болды. Бірақ Құдайдың қалауымен нокаутпен жеңіске жеттім.

- Болашақта сізді Сауль Альвареспен шығуы мүмкін деген әңгімелер тарап жүр. "Канеломен" өтетін айқасқа дайынсыз ба?

- Біз боксшылар қазіргі заманның батырлары мен жауынгерлеріміз. Ал батыр мен жауынгер кез-келген уақытта жауға қарсы тұруға дайын. Сондықтан мұндай үлкен айқастарға әрдайым дайынбыз.

- Бұйырса алдағы жоспарыңыз қандай? Келесі кездесу қашан өтеді?

- Әзірге келесі кездесуімнің қашан болатыны белгісіз. WBA нұсқасы бойынша міндетті үміткер атандық. Бұрындары уақытша әлем чемпионы деген атақ болатын. Қазір алып тастады. Былайша айтқанда уақытша әлем чемпионы болып тұрмыз ғой. Енді басты мақсатымыз – осы нұсқада әлем чемпионы атанып, кейін барлық белбеулердің басын қосып абсолют чемпион атану.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!