"Қазастандық нокауттар патшасы" атанып кеткен Сұлтан Зауырбектің (20-0, 13 KO) келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Танымал TRU SCHOOL SPORTS YouTube-арнасының жүргізушісі Брендан Тейлордың пікірінше, екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшыға лайықты қарсылас - жапониялық Хаято Цуцуми (8-0, 5 KO) болуы мүмкін.
"Хаято Цуцуми күткендей-ақ Кайс Ашфакты жеңді. Қазіргі таңда ол WBA рейтингінде үшінші орында тұр. Мен оның Рэймонд Фордпен немесе Сұлтан Зауырбекпен жекпе-жегін көргім келеді. Цуцуми - 130 фунтқа дейінгі салмақ дәрежесіндегі әлемнің үздік боксшыларының бірі", - деп жазды Тейлор әлеуметтік желіде.
Сұлтан кейінгі рет 5 сәуір Астанада рингке шыққан болатын. Ол кезде қазақстандық боксшы 12 раундтық жекпе-жекте Оңтүстік Африкадан келген Азингу Фузилені (18-3, 12 KO) төрешілер шешімімен жеңіп, IBF Inter-Continental белбеуін жеңіп алды.
Ал Хаято Цуцуми кейінгі кездесуін 16 тамызда өткізіп, ұлыбританиялық Кайс Ашфакты (13-4, 5 KO) нокаутқа түсірді.