Қазақстандық кәсіпқой боксшы Алмат Жұманов (Qazaq Titan) 16 мамыр күні Эквадор астанасы Кито қаласында өткен жекпе-жекте WBC Latino Silver чемпиондық белбеуін жеңіп алды.
Қазақстандық боксшының қарсыласы венесуэлалық Фелип Ларез болды. Супер орта салмақта ұйымдастырылған кездесудің екінші раундында венесуэлалық спортшы екі мәрте нокдаунға түсті. Осылай жекпе-жек Алмат Жұмановтың пайдасына үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Осылайша, Алмат Жұманов WBC тұжырымы бойынша Латын Америкасында чемпион атанған алғашқы қазақ болып отыр.
Бұл "Қазақ Титан" атанып кеткен Жұмановтың карьерасыдағы сегізінші жекпе-жек болды. Ол жеті айқасында жеңіске жетіп, тек біреуінде ғана жеңілді.
Жарнама