Екінші өте жеңіл салмақтағы абсолют чемпион Наоя Иноуэ (28-0, 25 KO) IBF желісі бойынша міндетті қарсылас аустралиялық Сэм Гудманға (19-0, 8 KO) қарсы айқаста барлық белбеуін қорғайды.
Бұл ақпаратты Top Rank басшысы Боб Арум растады.
Ұзақ уақытқа дейін ресми мақұлдау болған жоқ. Ал бір апта бұрын IBF боксшылардың командаларын жекпе-жек күні мен орнын растауды талап етті.
"Құбыжық" лақап атты Иноуэ 2024 жылдың қыркүйегінде өткізген кейінгі айқасында аустралиялық Ти Джей Дохениді жетіншіраундта нокаутқа түсірген еді.