auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Нокаутшы Жүкембаев карьерасындағы алғашқы нокдауннан кейін уақытша шеттелді

Нокаутшы Жүкембаев карьерасындағы алғашқы нокдауннан кейін уақытша шеттелді
Батыр Жүкембаев. © facebook.com/eottmboxing/
Қазақастандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) карьерасындағы алғашқы нокдауннан кейін уаықтша шеттелді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Канаданың Квебек провинциясының Бокс комиссиясы осындай шешім қабылдады. Шеттеу медициналық көрсеткіштерге байланысты - ол боксшы жекпе-жектен кейін алған жарақатына байланысты қалпына келу үшін жасалады. Жүкембаевтың шеттелуі  27 қазанда аяқталады. 

Нокдаун алған жекпе-жекте Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді

Айта кетейік, қазақстандық келесі жекпе-жегін белгілеп қойған. Ол 24 қараша Канаданың Римуски қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасады. Қарсылас әзірге белгісіз. 

Нокдаунға түсіп тұрып, қарсыласын нокаутпен жеңген Жүкембаев келесі жекпе-жегін белгіледі

Жүкембаев соңғы рет өткен демалыста жұдырықтасқан. Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінде ол мексикалық Патрисио Мореномен (20-3, 14 КО) жекпе-жек өткізді. Қазақстандық алғашқы раундта-ақ нокдаунға түсті, алайда, жетінші раунд соңында қарсыласын нокаутқа түсірді.

Бастапқыда Жүкембаев пен Морено жекпе-жегіне бос тұрған WBC International белбеуі тігіледі деп жоспарланған еді, алайда, ұйым бұған рұқсат бермеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама