Нокаутшы Батыр Жүкембаев алғашқы раундта нокдаунға қалай түскенін айтып берді
Батыр Джукембаев. © Eye of the Tiger Management
Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) Vesti.kz тілшісімен сұхбатында мексикалық Патрисио Мореномен (20-3, 14 КО) жекпе-жек кезіндегі нокдаун туралы айтып берді.
Жүкембаев бірінші раундта нокдаунға түскен, алайда, жетінші раунд аяқталарға 13 секунда қалғанда қарсыласын нокаутпен жеңді. Бұл жекпе-жек 3 қазан Монреалда өткен еді.
"Осы соңғы жекпе-жегім карьерамдағы ауыр және күрделі болды. Оған дайындалу қиынға соқты, 12 раундқа есептелген еді. Оның үстіне белбеуге қатысты қиындықтар да болды.
Ал кездесу бойынша, Морено мықты. Тактика жағынан оңайға соққан жоқ. Жетінші раундта ғана жеңе алдым. Бокста бәрі болады. Нокдаун - бұл бокстың бір бөлігі. Ол ауыр соққы жасаған жоқ, бірақ, мен тепе-теңдіктен айырылып қалдым. Қарасам, төреші есептей бастады. Бастысы нокдаунға түскенім емес, содан кейін өзіме келіп, жеңіске жете алғаным деп ойлаймын.
Осыдан кейін көптеген канадалық журналистер мен туралы жазды және жанкүйерлер көбірек қолдайтын болды", - деп атап өтті Жүкембаев.

Жарнама