Бокс
Бүгін 14:24

Нокаутпен жеңістен кейін WBC қазақ боксшыға қатысты шешім шығарды

©Matchroom

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (16-0, 14 KO) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингінде орнын жақсартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Нұрмағанбет соңғы жекпе-жегін 25 шілде күні Алматыдағы бокс кешінде өткізді. Кештің басты жекпе-жегінің бірінде ол ресейлік Артыш Лопсанды бесінші раундта нокаутпен жеңді.

Осы жеңістің арқасында қазақстандық боксшы WBC-дің екінші орта салмақтағы рейтингіне еніп, 13-орынға жайғасты.


Айта кетейік, Нұрмағанбет АҚШ-та екінші орта салмақта барлық чемпиондық белбеулерді иеленген мексикалық жұлдыз Сауль "Канело" Альварестің жаттығу лагерінде дайындықтан өтті. Қазақстандық боксшы әлемнің абсолют чемпионының залында жаттығып қана қоймай, оған спарринг-серіктес теболды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport