Нокаутпен жеңістен кейін WBA Батырды топ-10 тізімге көтерді

©twitter.com/ProBox_TV

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақта рейтингін жаңартты, деп жазады Vesti.kz.

Осылайша, Батыр Жүкембаев (23-1, 16 КО) үш саты жоғарылап, бірінші жартылай орта салмақ рейтингінде тоғызыншы орынға жайғасты. Ал бұрын тоғызыншы болған өзбекстандық Ботиржон Ахмедов оныншы сатыға сырғыды. 

Қазақстандық боксшы кейінгі рет мамыр айында Плант-Ситидегі бокс кешінде жұдырықтасып, украиналық Иван Редкачты (24-6-1, 19 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport