Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшы Теміржан "Тимми" Баймолданың (8-0, 5 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді, деп жазады Vesti.kz.
BoxRec.com мәліметінше, 24 жастағы Теміржан 20 ақпан Таиланд астанасы Бангкоктағы бокс кешіне қатысады. Теміржанның қарсыласы жергілкті боксшы Вачаян Кхамон (12-47-1, 4 КО) болады. Жекпе-жек алты раундқа есептелген.
Қазақ боксшы кейінгі айқасын 25 қаңтар сол Бангкокта өткізіп, Нахатхон Пахарнды (1-4, 1 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.