Нокаутпен жеңістен кейін Батырға кіммен айқасу керегі айтылды

©twitter.com/Batyr777Boxing

Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Батыр Жүкембаевтың (23-1, 17 КО) украиналық Иван Редкачты (24-7-1, 19 КО) жеңгеніне қатысты ойын айтты. 

Бұл жекпе-жек 22 мамыр Плант-Ситиде өтіп, бесінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. 

"Бұл сапалы жеңіс. Жүкембаев тәжірибелі қарсыласын сенімді жеңді. Мен үлкен бәсеке болады деп күткенмін. Алайда қазақстандық бірінші минуттан бастап-ақ ұмтылысын байқатты. Бұл жеңіс боксшының ары қарай өсуіне маңызды әсерін беріп отыр. Енді Батырға мықтырақ қарсыластармен айқасып, жақсырақ гейткипер табу қажет. Енді оның титулға жету мүмкіндігі туралы ештеңе айта алмаймын, бірақ мына жеңістер өзіне назар аудартты. 

Жүкембаев америкалық Джулиан Смит немесе Ботиржон Ахмедовпен жекпе-жекке шықса болады. Екеуі де WBA рейтингінің топ тізімінде, жеңіске жеткен жағдайда рейтингтің шыңына жақындайды", - дейді Маккаферри.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport