Бокс
3 маусым 2019 14:06

Нокаутпен жеңіліп, барлық белбеунен айырылған Джошуаға Головкиннің бапкеріне ауысу кеңес етілді

© vRINGe.com
BoxingNews24.com порталының шолуышысы Дэн Эмброуз тегі мексикалық Энди Руистан (33-1, 23 КО) нокаутпен жеңілген британиялық Энтони Джошуаға (22-1, 21 КО) бапкер ауыстыруға кеңес берді.

Еске салайық, Нью-Йоркте өткен жекпе-жекте Джошуа техникалық нокаутпен жеңіліп, Руис британиялықтың аса ауыр салмақтағы WBA (Super), WBO, IBF және IBO белбеуін тартып алды.

"Мұндайды жек көресіздер, бірақ, Джошуаға тезірек бапкері Роб МакКракенмен қош айтысып, Джонатан Бэнкспен келіссөздер бастау қажет. 2012 жылы Эманнуэль Стюарт көз жұмғанға дейін соның қол астында жаттықан маман. МакКракен кей боксшылар үшін жақсы бапкер, бірақ, Джошуа бөлек әңгіме.

Джошуаның иегі бос және шыдамдылығы нашар, сондықтан оған Стюард деңгейіндегі, Бэнкс сияқты бапкер керек. Владимир Кличкода да осындай қиындықтар болған, ал Стюард тамаша стратегия жасап, бұл кемшіліктерді жасырды.

Стюард Владимрге карьерасын өзгертуге көмектесті, боксшыны соққыдан қашу үшін тақасып та, қашықтықтан да жұмыс істетті. Оның соққысы Джошуанікінен ауыр емес, есесіне ол жақыннан соққы дартыпауды үйренді.

Қысқасы Джошуаға МакКракеннен кетіп, Бэнкске қосылу керек. Орта салмақта бұрығы әлем чемпионы Геннадий Головкин жақында Абель Санчестен кетіп, Бэнкске қосылды және тамаша көрінеді".