Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBA Super титулына ие Риота Муратаны (16-2, 13 KO) жеңуі тиіс. Boxing Social арнасына берген сұхбатында Мэттью Маклин (35-6, 22 KO) осындай пікір білдірді, деп хабарлайды vRINGe.com.
"Екіжүзділік, шындық ешкімге керек емес". Головкин "Канеломен" айқастардың ақиқаттын ашты
Британиялық боксшы GGG-мен 2013 жылы кездесу өткізіп, үшінші раундта нокаутпен жеңілген.
"Бәрі Головкинде не қалғанына байланысты, солай емес пе? Ол қартайып келеді, бірақ, күрт түсіп кеткен жоқ. Біртіндеп болып жатыр. Муратаны жеңетіндей күші бар деп ойлаймын. Риота да жақсы боксшы. Бірақ жалындап тұрғанында Головкин ерекше еді ғой, рас емес пе?" - дейді Маклин.