Бокс
3 желтоқсан 2021 10:25

"Нокаутпен жеңе алмайды". Джошуамен жаттыққан қазақ боксшы Усик пен Энтонидің қарымтасы жайлы

©instagram.com/p/CGk7fVHDgnM

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (11-0, 7 КО) ұлыбританиялық Энтони Джошуа (24-2, 22 КО) мен украиналық Александр Усик (19-0, 13 КО) арасындағы қарымта жекпе-жегі жайлы пікір білдірді. Джошуамен бір залда жаттыққан Зауырбек алдағы кездесуде Усикті құлату қиын дейді.

"Негізі Энтони Джошуа өте қарапайым жігіт. Бокс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Оның үстіне Энтони солақай боксшымен бірінші рет жұдырықтасты. Сондай-ақ, ұлыбританиялық былғары қолғап шебері қарсыласын көп күтіп қалып жатты. Усик өте жылдам спортшы. Кезінде жеңіл салмақтан ауысып келген. Аяқпен жақсы жұмыс істей алады. Ауыр салмақта украиналық секілді аяқпен жылдам қимылдау оңай шаруа емес. Тұманды Альбионға барып тұрып, сол елдің маңдай алды боксшысын жеңіп бүкіл атақты алып кету деген үлкен шаруа. Усик сол айқаста өзін жақсы қырынан көрсетті.

Енді қарымтада Джошуа 12 раундтық бәсекеде боксын өзгертсе... Бірақ нокаутпен жеңе алмайды. Бұл айқас аса қатты қызығушылық тудырмайды деп ойлаймын. Себебі екеуінің арасындағы алғашқы кездесу тартысты болмады. Менің ойымша Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа арасындағы айқас қызығырақ болады деп ойлаймын", - дейді Сұлтан Зауырбек Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Еске салайық, Сұлтан Зауырбек 11 желтоқсанда Алматы төріндегі кәсіпқой бокс кешінде ұлыбританиялық Райан Уиллирмен (16-1-1) өзара мықтыны анықтайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport