Нокаутқа түсірген. Америкада Головкинді бұрынғы чемпионмен қарымта өткізуге шақыруда

Сурет: FIGHT SPORTS

Америкалық модель әрі блогер бокстан бұрынғы әлем чемпионы Давид Лемьені (43-4, 36 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) қарымта өткізуге шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар 2015 жылы Нью-Йоркте жұдырықтасып, Головкин сегізінші раундта Лемьені нокаутқа түсірген. Бұл GGG үшін PPV-дегі алғашқы айқас болды.

"Сәлем Лемье, GGG-мен қайта жұдырықтасу ойыңда бар ма? Жігіттер сендер жекпе-жекке қайта шығуларың керек", - деп жазыпты ол Twitter желісінде.

Еске салайық, Лемье кейінгі рет өткен демалыста Мексикада жұдырықтасып, перулік Давид Сегарраны (34-5, 21 КО) нокаутпен жеңді.