"Нокаутқа түсіретінімді білесің". 20 қарсыласын cұлатқан боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

©lasvegassun.com

Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) орта салмақтағы WBO титулы үшін өзін жекпе-жекке шақырған Эскива Фалькаоға (29-0, 20 КО) жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бразилялық боксшы жақында бос қалуы мүмкін титулды алып кету үшін Қазақстанға келуге де дайын екен. 

"Деметриус Андраде WBO титулын бос қалдырады деп естідім, олай болса, Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтассам жаман болмас еді. Қазақстанға келуге де дайынмын. WBO чемпиондығы үшін айқас өткізейік", - депті жеңілмеген боксшы. 

"Бауырым, нокаутқа түсіретінімді білесің ғой. Нең бар?", - деп жауап берді Жәнібек.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар