Бокс
17 қараша 2021 10:02

"Нокаутқа түсірем". Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарының құтын қашырмақ

©twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) чемпиондық атақтарынан айырылған емес, ең мықты боксшылармен жұдырықтасқысы келеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

20 қараша Лас-Вегаста Жәнібек әлемнің экс чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикаммен (38-5-0, 21 KO) жекпе-жек өткізеді. 

"Бұрынғы чемпиондармен жұдырықтасқан ұнамайды, қазіргі чемпиондармен айқасқым келеді. Чемпиондық жекпе-жекке дайын екенімді көрсетем. 

Джермалл Чарлоны (WBC чемпионы), Деметриус Андрадені (WBO) және Риота Муратаны (WBA Super) нокаутқа түсіргім келеді және жақында солай етемін. Чемпиондардың зәресін ұшырғым келеді", - деп береді қазақ боксшының сөзін The Ring журналы.

Бұған боксшының менеджері Эгис Климас өз пікірін білдірді. 

"Ол орта салмақта кез келген чемпионмен жұдырықтасуға дайын деп есептеймін. Біз титулы бар кез келгенімен жекпе-жекке дайынбыз", - дейді менеджер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport