auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Нокаутқа түсірем". Ербосынұлының қарсыласы чемпиондық белбеулерді тартып аларына сенімді

Жекпе-жек 24 наурыз Алматыда өтеді.

"Нокаутқа түсірем". Ербосынұлының қарсыласы чемпиондық белбеулерді тартып аларына сенімді
© notifight.com
0
Суперорта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Айдос Ербосынұлының (10-0, 8 КО) алматыда өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы Лукас Ндафолума (15-1, 6 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында тек жеңіске ниетті екенін айтады.

WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental белбеулері үшін Ербосынұлы мен Ндафолума арасындағы он раундты жекпе-жек 24 наурыз "Алматы Аренада" өтеді. Бокс кешінің андеркартында Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) пен Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО) жұдырықтасады. 

"Бұл мен үшін үлкен сын. Карьерамдағы басты сынақ шығар. Алайда өз күшіме сенемін. Бұл жекпе-жекке дайындалдым және өз тарихымды жазамын. Қарсыласымнан қорықпаймын және белбеулерді алып кету үшін шеберлегімді толық көрсеткім келеді. Мен үшін жалғыз жол нокаутпен жеңу екенін түсіемін. Нокаутқа түсіруге тырысамын. 

Бапкеріммен бірге Ербосынұлының жұдырықтасқанын көргенбіз. Жақсы боксшы, бірақ, біз жеңіс стратегиясын дайындап қойдық. Жолым боларына сенемін.

Қазақстан туралы білетінім - қазргі замандағы ең мықты боксшылардың бірі Геннадий Головкиннің отаны екені ғана. Елдеріңізде болу қызықты. Қазақстанға келуімді асыға күтемін", - деп атап өтті Ндафолума.

Айта кетейік, 23 джелтоқсан Мәскеуде өткен соңғы жекпе-жегінде Ербосынұлы бельгиялық Илияс Ачергиді (12-4-1, 6 КО) нокдаунға түсіп тұрып жеңген еді. Осылайша, қазақстандық WBO Global белбеуін иеленді және WBC Asia атағын қорғап қалды.

Бұл жеңістен кейін Ербосынұлы BoxRec рейтингінде 37 саты жоғарлады, сондай-ақ WBA және WBO рейтингтерінде ТОП-15 тізімге енді. 

27 жастағы қазақстандық боксшы он жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен, оның сегізі нокаутпен. Боксшы карьерасында Ресей, Украина, АҚШ пен Қазақстанда жұдырықтасқан.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар