Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усманның менеджері Али Абдель-Азиз нигериялық файтер Сауль "Канело" Альваресті есінен тандыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.ru.
"Камару оны үш раундта нокаутқа түсіреді. Бұл жігіт Африкадан келіп, талай қиыншылықты жеңген. Мен оған сенемін.
Ол менің өмірімдегі ерекше адам. Камару екеуміз қанша рет көшеде бірге төбелескенімізді айтпай-ақ қояйын. Екеуміз бірге көпті көрдік, ол кез келгенді жеңе алатынына сенімдімін", - дейді Абдель-Азиз.