"Нокаутқа түсіреді". Амеркиалық сарапшы Джошуа - Руис жекпе-жегіне тосын болжам жасады

6 желтоқсан 2019 16:11
© Wrestlingua.com
Британиялық боксшы Энтони Джошуада (22-1, 21 КО) супер ауыр салмақта WBA, WBO, IBF және IBO чемпионы Энди Руисті (33-1, 22 КО) жеңуге бір ғана мүмкіндігі болады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында америкалық белгілі World Boxingnews порталының тілшісі Фил Джей осындай пікір білдірді. 

Жекпе-жек 7 желтоқсан Эр-Рияда маңындағы (Сауд Арабиясы) 15 мың адам сиятын Diriyah Arena шаршы алаңында өтеді.

"Руис Джошуаны нокаутқа түсіреді. Энтони ештеңе өзгертпеді. Ойлауы сол күйде қалды, өткен жекпе-жектен өзгерген жоқ. Бар істегені - салмақ қана жоғалтты. Бұл Руиске қарсы көмектеспейді. Джошуаның жалғыз мүмкіндігі - кездейсоқ соққы. Ал алдағы жекпе-жекте ондай бола қоймас", - деп атап өтті Джошуа. 

"Сонымен, қалай сабайын?". Джошуа төрт титул үшін жекпе-жек алдында Руисті састырды